Әлемге танымал Chery қытай автокөлік

Әлемге танымал Chery қытай автокөлік брендіне Қазақстанда «Астана Моторс» компаниясы өкілдік етеді. Бұл жөнінде компанияның Chery Automobile Co., Ltd жетекші қытай автокөлік өндірушісімен дистрибьюторлық келісімге қол қойғаннан кейін белгілі болды. Chery компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін First Motor Group.

Дистрибьюторлық келісімге қол қоюдың ресми рәсімі Алматы (Қазақстан) мен Уху (Қытай) арасындағы телекөпір форматында кеше өтті.

Бұның алдында "Астана Моторс” компаниясының портфеліне 12 бренд енген, Chery – он үшінші бренд, ал First Motor Group мотор компаниясының құрамына кірген жетінші дистрибьютор болды.

Chery International компаниясының президенті Джанг Гуйбин мырза келісімге қол қою рәсімі кезінде дүниежүзі бойынша Chery брендін таңдайтын клиенттердің артып жатқанын және Қазақстан Орталық Азиядағы болашағы зор нарық екенін атап өтті.

"Астана Моторс" – кәсіпқой командасы бар, тәжірибесі мол, Қазақстанның жетекші автокөлік компаниясы. Chery мен «Астана Моторс» компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор деп санаймыз. Екіжақты ынтымақтастығымызда үлкен табысқа бірге жетуге тілектеспін, – деді Chery International компаниясының басшысы.

«Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев, өз кезегінде, интеллектуалдық автокөлік өндірушісі ретінде бүкіл әлемге танылған Chery брендіне Қазақстан нарығында өкілдік етуді сеніп тапсырғаны үшін серіктестерге алғысын білдірді.

Chery Automobile компаниясы өндірістегі технологияларды дамытудың революциялық жолын өтіп, инновациялар саласында жетістіктер көрсетуін жалғастырып жатыр, осы арқылы бүкіл әлемде автосарапшылардың айрықша қызығушылығын тудырады. Компанияны Қазақстанда жаһандық дамыту стратегиясының шеңберінде батыл жоспарларды жүзеге асыруымыз керек, – деп ескертті Бекнұр Несіпбаев.

«Технологиялы Chery» – 1997 жылы құрылған ең ірі автокөлік жасау компаниясы осындай атаумен белгілі. Chery Automobile компаниясы технологиялар саласында үздіксіз дамиды, оның зерттеулер жүргізуге арналған өз зертханасы, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша бес ғылыми-зерттеу базасы бар.

Chery Automobile компаниясының құрамына түрлі елдердегі 6 автокөлік зауыты мен 11 құрастыру өндірісі кіреді. Компания өз әзірлемелерінің арқасында қозғалтқыштардың, беріліс қораптарының, қозғалтқышты басқару жүйелері шассиінің (EMS) және платформалық технологиялардың өндірісін игерген Қытайдағы алғашқы автокәсіпорын болды.

18 жыл бойы Chery Automobile компаниясы қытайлық автокөліктердің экспорты бойынша үздік болып келеді, компания өз өнімдерін әлемнің 80 астам еліне жеткізіп келеді. Соңғы жылдар ішінде экспорт көлемі 100%-дан астам артты.

9,5 миллион автокөлік иесі – Chery брендінің пайдаланушылары. Клиенттер қытайлық бренд автокөліктерінің артықшылықтары қатарында жоғары технологиялылықты, максималды қауіпсіздікті, жайлылық пен айқын дизайнды атайды.

Қазақстанға Chery автокөліктерінің бірінші жеткізілімдері 2021 жылдың соңына дейін күтіледі. Дистрибьютордың ақпараты бойынша бұл Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 Pro және жаңа Pro Family сериясының басқа модельдері болады.

Екі жыл ішінде қазақстандық дилерлік желі 17 автокөлік орталығына дейін ұлғаймақ. Алғашқы дилерлік орталықтар жақын арада Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыс істей бастайды.

«Астана Моторс» – Hyundai жеңіл және коммерциялық техникасының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Subaru компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, BMW, MINI, Motorrad брендтерінің Қазақстандағы эксклюзивті импорттаушысы, Haval брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы, Golden Dragon маркасының жолаушылар көлігін өндіру және өткізу жөніндегі Қазақстандағы ресми дистрибьютор, Toyota брендінің Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы ресми дилері, Lexus брендінің Нұр-Сұлтан қаласындағы ресми дилері, Land Rover мен Jaguar брендтерінің Алматы қаласындағы ресми дилері, Volvo брендінің Алматы қаласындағы ресми дилері екенін еске саламыз. «Астана Моторс» компаниясының өзінде меншікті 29 дилері, коммерциялық техниканы өндіру зауыты және жеңіл автокөліктерді өндіру зауыты бар.

Қазақстандағы Chery бренді туралы толығырақ ақпаратты 7007 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығынан білуге болады.