Бұл жерден сіз Chery автокөлігіңізге тұрақты техникалық қызмет көрсету (ТҚК) жөнінде пайдалы ақпаратты, соның ішінде ТҚК-ден өтуге ұсынылатын жүріс мөлшері мен әрбір ТҚК құны жөнінде ақпаратты табасыз.

ТҚК картасы – бұл Chery автокөлігіңізге техникалық қызмет көрсету процесін жоспарлауды және бақылауды жеңілдету үшін әзірленген ақпараттық ресурс. Онда ТҚК өту мерзімдері бойынша ұсыныстар, сондай-ақ жұмыс түрлері мен қызмет құны туралы толық ақпарат ұсынылады.

ТҚК картасын пайдаланудың артықшылықтары:

  • Хабардар болу: Тұрақты техникалық қызмет көрсетулер, олардың маңыздылығы мен Chery автокөлігіңіз үшін құны туралы түсінік аласыз.
  • Жоспарлау: ТҚК картасында көрсетілген ұсынылған жүрістің негізінде ТҚК-дан өтудің оңтайлы уақытын белгілейсіз.
  • Ашықтық: Көлікке қызмет көрсетуге кететін өз бюджетіңізді жоспарлай алуыңыз үшін әрбір ТҚК құнымен алдын ала танысасыз.
  • Кепілдікті сақтау: Өндірушінің кепілдік міндеттемелері сақталуы үшін және көлігіңіздің ұзақ мерзім бойы қызмет ететініне сенімді болу үшін ТҚК картасының кеңестерін орындаңыз.

ТҚК картасы техникалық қызмет көрсетуден өткен кезде ұсынуға міндетті құжат емес. Ол Chery автокөліктерінің иелеріне өз көлігіне қызмет көрсетуді бақылауға және жоспарлауға көмектесетін ақпараттық нұсқаулық ретінде қызмет етеді.

ТҚК картасын жүктеу