Марканың жанкүйерлерін біріктіру мақсатында CHERY концерні With Chery With Love атты коммуникациялық платформаны жасады. CHERY брендінің автокөліктері бүкіл әлемде 9,5 миллион пайдаланушысымен бірге 80 астам елде мен өңірде ресми түрде ұсынылған.

With Chery With Love – бұл танымал мессенджерлердегі көлік иелері топтарынан бастап, бірлескен авто жүрістерге дейінгі іс-шаралар, жобалар кешені.

CHERY концерні With Chery With Love платформасының 2021-2022 маусымының ашылуын бірінші болып өткізуді Ресейге сеніп тапсырды.

Тамыз айының соңында Мәскеуде CHERY TIGGO 7 PRO автокөлігінің иелері ресми клубының алғашқы кездесуі өтті. «Лужники» спорттық ойын-сауық кешенінің тұрағында қаланың орталығында бірге жүріп өту үшін 50-ден астам автокөлік жиналды. CHERY TIGGO 7 PRO кроссоверлері саптық лекпен Лужнецкая жағалауына бет алып, Ресей Федерациясының Үкімет Үйінен, «Москва-Сити» іскерлік орталығынан өтіп, М-9 тасжолымен «Золотой Сазан» балық аулау клубына қарай жөнелді.

Белгіленген орында TIGGO 7 PRO кроссоверінің иелері мен олардың отбасы мүшелерін балық аулау бойынша қызықты турнир күтіп тұрды. Жарыстың қорытындысы бойынша 85 кг астам бекіре ауланып, түрлі номинацияда он жеңімпаз анықталды: «Ең тез балық аулау», «Ең көп балық аулау», «Ең ірі (салмағы бойынша) балық аулау» және т.б.

Балаларға анимациясы, сабын көпіршіктері шоуы және батуты бар аймақ ұйымдастырылды. Кешке барлық қонақ барбекю әзірлеп, рақаттанып, ниеттес адамдар арасында CHERY TIGGO 7 PRO кроссоверін иелену тәжірибесімен алмасу мүмкіндігіне ие болды.

«Бұл аяқталып бара жатқан жаздың ғажап оқиғасы! Біз, біріншіден, отбасымызға сай үйлескен және талаптарымызға толық сәйкес келген автокөлік үшін, екіншіден, бізге, яғни клиенттерге ілтипатпен және қамқорлықпен қарағаны үшін компанияға алғысымызды білдіреміз. Біз сатып алу сәтінде алған жоғары кәсіби көзқарастың одан кейін де жоғары деңгейде сақталғанын бағалаймыз», — деп TIGGO 7 PRO клубтастарының кездесуінде CHERY маркасының жанкүйерлерінің бірі түсінік берді .

With Chery With Love жобасының аясында Ресейде автокөлік иелерінің, дилерлердің және «ЧЕРИ АВТОМОБИЛИ РУС» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен брендтің модельдік клубтарының кездесулері Мәскеуде және елдің басқа ірі қалаларында тағы өтеді.